Египеттің Александрия қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Ибраһим Мұстафа атындағы халықаралық сында қазақстандық балуандар топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақтың финалында екі қазақ балуаны белдесті.
Аманғали Бекболатов пен Марлан Мұқашевтің арасындағы жекпе-жекте 6:1 есебімен Бекболатов жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Бұл салмақтағы қола жүлдені тағы бір қазақ балуаны Исхар Құрбаев иеленген.
Айта кетелік, Марлан Мұқанов алғашқы айналымда әлем чемпионы Нугзари Цурцумияны 13:4 есебімен ұтқан. Нугзари 2019 жылғы әлем біріншілігінің финалында қазақстандық Хорлан Жақаншаны жеңген болатын. Сонымен қатар Нугзари былтырғы әлем біріншілігінде Аманғали Бекболатовты да жеңген.
60 келіге дейінгі салмақта Ернар Фидахметов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда түркиялық Керем Камалға 0:9 есебімен жол берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2010645-qazaq-baluany-marlan-muqasev-kuresten-alem-cempionyn-iri-eseppen-zenip-ketti/