Дзюдодан Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады. Байрақты бәсекеге белгілі дзюдошы, Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов қатыспайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Турнирде өнер көрсететін отандық спортшылар тізімі:
Ерлер:
- Мерей Марханбетов (60 келі),
- Нұрқанат Серікбаев (60 келі),
- Есет Қуанов (66 келі),
- Ғұсман Қырғызбаев (66 келі),
- Данияр Шамшаев (73 келі),
- Дархан Қойбағар (73 келі),
- Абылайхан Жұбаназар (81 келі),
- Мұхаммедали Мавлидов (90 келі),
- Айдар Арапов (90 келі),
- Нұрлыхан Шархан (-100 келі),
- Бекарыс Сәдуақас (-100 келі),
- Ғалымжан Қырықбай (+100 келі),
- Әділ Оразбаев (+100 келі).
Әйелдер:
- Ғалия Тынбаева (48 келі),
- Толғанай Әбеуова (52 келі),
- Балнұр Әбдешова (52 келі),
- Бақыт Құсақбаева (57 келі),
- Балнұр Құрманбай (57 келі),
- Мөлдір Нарынова (63 келі),
- Эсмигүл Куюлова (63 келі),
- Анастасия Маякова (70 келі),
- Назерке Тілеуханова (-78 келі),
- Камила Берліқаш (+78 келі),
- Ақерке Рамазанова (+78 келі).
Айта кетейік, 3-5 наурыз күндері өтетін әлемдік бәсекеге 51 елден 400-ге жуық татами шебері қатысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2011229-taskentte-otetin-grand-slam-turnirine-eldos-smetov-qatysa-ma/