Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлде көңілден шықпаған балуандар бар": Азия чемпионатында төрт алтын алған бапкер кімдерді сынға алды

Жарияланған күні:

Бекзат Үркімбай кілемде
Көк киімде Бекзат Үркімбай. Фото: uww.org

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Астанадағы Азия біріншілігін қорытындылап, кімдердің күресіне көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

"Біріншіден, бұл жеңіспен тоқтап қалмай, әрі қарай еңбектену керек. Одан кейін, Азия чемпионатын абыроймен аяқтауымызға ауызбіршілік себеп болды деп әрі балуандардың жақсы өнер көрсетуіне септігін тигізді. Былтыр жалпы есебі сегіз жүлде алған соң, биыл бес-алтауы бұйырар деп ойладым. Бір алтын міндетті түрде иеленеміз деген сенім болды", - деді бас бапкер.ойлаймын. Бапкер мен балуан арасында бірлік болса, нәтиже де көп күттірмейді. Өзгерістерге келер болсақ, оқу-жаттығу жиындарының санын арттырдық, жеке бапкерлерді де жиынға қоса бастадық. Бұрын жеке бапкерлер оқу-жаттығу жиынына қатыспайтын", - деді бас бапкер.

"Дархан (Есенғали - ред.) бұрыннан күресіп жүрген бала. Оны жастар құрамында жүргеннен жақсы білеміз. Бірақ ересектер қатарына ауысқалы бері ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетпеген. Енді көзге түсіп жатыр. Оның артықшылығы – психилогиясы өте мығым бала. Бұл өте қажет нәрсе. Содан соң, физикалық тұрғыдан да жақсы. Ал Нұрғожа Қайпанов босап кеткен. Әлеуеті нашарлағанын жалпы физикалық дайындық кезінде де байқадық", - деді құрама жетекшісі.

Мадияр Құрамысов чемпионатта нашар көрсеткен балуандарды да атап өтті.

"97 келідегі Бекзат Үркімбай мүлде көңілден шыққан жоқ. Содан соң 61 келідегі Нұрболат Әбдуалиевтің күресі жабырқатты", - деді ол.

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан құрамасы Астанадағы Азия чемпионатынан 4 алтын жеңіп алып, тарихта алғаш рет командалық есепте көш бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2017133-mulde-konilden-syqpagan-baluandar-bar-aziya-cempionatynda-tort-altyn-algan-bapker-kimderdi-synga-aldy/