Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы пара дзюдодан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

дзюдо
Ақмарал Науатбек. Фото: Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қорыжынан алғашқы медальді салды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол пара дзюдодан J2, яғни көзі нашар көретіндер санатында бақ сынады.

"Бүгін Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болдым. Мақсат – өз елімізде өтіп жатқан әлемдік жарыста алтын алып, әнұранымызды шырқату болатын. Өкінішке қарай, өз қателігімнен қолда бар алтыннан айырылып қалдым. Маған үміт артқан барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын.

Бұл менің әлем чемпионы ретінде қатысқан алғашқы жарысым еді. Осы қателігімнен сабақ алып, келесі жарысқа аянбай еңбек етемін.

Дзюдодағы басты мақсатым – Паралимпиада ойындары. Бар күш-жігерімді осы мақсатымды бағындыруға арнаймын", - дейді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде өзбекстандық Лобар Хурромова жеңімпаз атанса, Кокила (Үндістан) мен Юи Фужиуара (Жапония) қола жүлдені өзара бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2018644-qazaq-qyzy-para-dzyudodan-aziya-cempionatynda-kumis-medal-zenip-aldy/