Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Азия чемпионы атанған отандық балуанның көзіне шетелде ота жасалды

Жарияланған күні:

Мейіржан Шермаханбет көзінен жарақат алып қалды
Мейіржан Шермаханбет. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Мейірхан Шермаханбетке Үндістанның Дели қаласында кезекті ота жасалды. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді.

"Екі аптадан бері Үндістан астанасы Делидемін. Мұнда көзіме кезекті ота жасалды. Жақында елге қайтамын. Дәрігерлер бір-екі ай күтіну керектігін айтуда. Содан соң жаттығуды бастаймын. Биыл өтетін ірі жарыстардың ішінде әлем чемпионаты мен Азия ойындары бар. Сол екі доданың біріне үлгерсем деген ойым бар. Ең негізгі мақсат - 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары", - деді балуан.

Еске сала кетейік, Мейіржан былтыр Белградта өткен әлем біріншілігінен шет қалды. Бұған балуанның тосыннан жарақат алып қалғаны себеп болған.

Командамен баскетбол ойнап жүргенде Мейіржанның көзіне байқаусызда басқа ойыншының қолы кіріп кетті. Осының салдарынан, спортшының көзінің көруі нашарлаған.

Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2023337-kuresten-aziya-cempiony-atangan-otandyq-baluannyn-kozine-seteld-ota-zasaldy/