Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзбекстаннан көшіп келдім": дзюдодан әлемдік жарыста жүлде алған қазақ баласы кім

Жарияланған күні:

Асқар Нарқұловтың жеңіске жеткен сәті
Асқар Нарқұлов. Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі аяқталды. Аталған сында алғаш рет қола медаль алған Асқар Нарқұлов Өзбекстаннан көшіп келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әрине, әлемдік Grand Slam жарысынан жүлде алу – әр спортшының арманы. Бұл медаль маған да бұйырғанына қуаныштымын. Басқа елде емес, өз жерімізде өтіп жатқан тарихи турнирде үздік үштікке енгенім одан әрі рухтандыра түсті. Себебі жанкүйерлердің қолдауы күш берген еді. Осыған дейін Будапешт және Тбилиси қалаларында өткен Grand Slam турнирлеріне қатыстым. Бірақ жүлде алу бақыты Астанада бұйырған екен", - дейді ол.

Асқар әлемдік турнирде алғаш рет жүлдегер атанып отыр. Ол 2016 жылы тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген.

"Мен Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Бостандық ауылында туып-өскенмін. Алты жасымда дзюдомен айналыса бастадым. Қазақстан командасының қазіргі көшбасшыларының бірі Абиба Әбужақыновамен бір залда жаттыққанмын. Абиба Қазақстанға кеткен соң, мен де көп ұзамай тарихи отаныма ораламын деп шештім. Өйткені, ағаларым мен туыстарымның көпшілігі Шымкентте тұратын. Көп ойланбай, 2016 жылы атамекенге келдім. Содан бері дзюдодан ірілі-ұсақты жарыстарға қатысып, 2020 жылдан бастап ұлттық құрама бапкерлерінің көзіне түстім. Міне, тырнақалды табысыма қол жеткізіп жатқан жайым бар", - дейді ол.

Қазіргі таңда Асқар Нарқұлов белгілі дзюдошы, қазір бапкерлікке бет бұрған Шолпан Қалиеваның қарамағында жаттығуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2025408-ozbekstannan-kosip-keldim-dzyudodan-alemdik-zarysta-zulde-algan-qazaq-balasy-kim/