Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтіп жатыр. Бүгін төрт салмақта жеңімпаздар анықталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы қола медальға таласу мүмкіндігін алды.
48 келідегі Абиба Әбужақынова турнирдің кіші финалында испаниялық Лаура Мартинес Абелендамен белдескен болатын.
Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы санаулы секундтар ішінде иппон ұпайымен жеңіліс тапты.
Ал ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Айболат Ыстыбай Гран-при турнирінің қола медалі үшін күреседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2033107-alemdik-gran-pri-qola-medalga-kuresken-abiba-abuzaqynova-sanauly-sekundta-utylyp-qaldy/