Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қазақстандық 14 дзюдошы қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын спортшыларды атады. Олардың тізімі:
- 60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов
- 73 келі: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
- 90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков
- 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев
- +100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.
Айта кетейік, Grand Slam турнирі 2-4 ақпан аралығында Парижде өтеді. Аталмыш жарысқа 74 мемлекеттен 367 спортшы ( 217 ер, 150 әйел) қатыспақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2054400-smetov-samsaev-qyryqbai-qazaqstandyq-dzyudosylar-parizde-otetin-grand-slam-turnirine-qatysady/