Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Гран-при турнирін жарқын жеңіспен бастады

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Гран-при турнирін қазақстандық дзюдошы қыздар сәтті бастады. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әбиба Әбужақынова мен 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жанарыс Рахметқали алғашқы қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Ал ерлер арасында 60 келідегі Дәурен Сүйеукенов бірінші белдесуде жапон балуанына есе жіберсе, 66 келідегі Нұрсұлтан Зайзағалиев тыйым салынған әдіс жасағаны үшін жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 

Дзюдодан Гран-при турнирі 28 қаңтарға дейін өтеді. Бұл сайысқа Қазақстан атынан 20 спортшы барды. Ерлер құрамасында Ержан Еренғайыпов, Дәурен Суюкенов, Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді, Айдар Арапов, Құдірет Досымов, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев бар. Ал әйелдер құрамасында Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Бақыт Құссақбаева, Эсмигүл Куюлова, Аруна Жангельдина, Камила Берліқаш бақ сынап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2057734-dzyudosy-abiba-abuzaqynova-gran-pri-turnirin-zarqyn-zenispen-bastady/