Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Жарияланған күні:

Татамидегі балуандар
Татамидегі балуандар. Фото: olympic.kz

1-5 ақпан аралығында Астанада грек-рим, әйелдер күресі және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күрес түрлерінен ел чемпионаты Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында өтеді. Жарыстың ашылу салтанаты 1 ақпанда сағат 17:30-да болады. Ал балуандардың белдесуі күн сайын Астана уақытымен 10:30-да басталса, III және I орындар үшін сайыстар күн сайын 18:00-де өтеді.

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының кестесі:

  • 1 ақпан – грек-рим күресі – 55, 63, 72, 82 және 97 келі;
  • 2 ақпан – грек-рим күресі – 60, 67, 77, 87 және 130 келі;
  • 3 ақпан – әйелдер күресі – 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі;
  • 4 ақпан – еркін күрес – 57, 65,74,86 және 92 келі;
  • 5 ақпан – еркін күрес – 61,70,79,97 және 125 келі.

Айта кетейік, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ақпан айында өтетін Қазақстан чемпионатына 97 келіге дейінгі Олимпиадалық салмақта шығады. Ол Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қызу дайындалып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2058212-astanada-kures-turlerinen-qazaqstan-cempionaty-otedi/