Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадалық салмақтағы қазақстандық балуандар шетелде жаттығып жатыр

Жарияланған күні:

Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан
Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram/qaz_olympics

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Олимпиадалық салмақта сынға түсетін балуандар Осетияда жаттығып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олимпиадалық салмақтағы балуандарымыз Осетияда жаттығуда. Жақын арада бірлескен жаттығу жиынына Ресей құрамасы қосылуы керек. Атап айтар болсам, 74, 86, 97 және 125 келідегі балуандар сол жақта жүр. Азия чемпионатына қатысатын Ризабек Айтмұханов пен Талғат Сырбаз  да сол жақта", – деді бас бапкер.

Айта кетейік, 19-21 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) күрестен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын бұл жарыста төмендегі еркін күрес шеберлері Қазақстан намысын қорғайды:

  • 57 келі – Мұхтарұлы Ерасыл;
  • 65 келі – Алиев Майис;
  • 74 келі – Нұрқожа Қайпанов;
  • 97 келі – Әлішер Ерғали;
  • 125 келі – Юсуп Батырмурзаев.

Әзірге еркін күрестен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Белградтағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанып, лицензия ұтып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2073339-olimpiadalyq-salmaqtagy-qazaqstandyq-baluandar-setelde-zattygyp-zatyr/