Дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс 20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтеді. Жеңімпаз атанған дзюдошы 700, күміс жүлдегер 490 рейтингтік ұпай алады. Ал қола медаль еншілеген 2 дзюдошы 350 ұпайға ие болады.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:
Ерлер:
- 60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев;
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали;
- 73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов;
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
- 100 келі: Нұрлыхан Шархан;
- +100 келі: Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
- 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
- 57 келі: Бахыт Құсақбаева;
- 63 келі: Эсмигуль Куюлова;
- 70 келі: Екатерина Токарева;
- 78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина;
- +78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Еске салайық, Астанада дзюдодан Олимпиада ойындарына ұпай беретін турнир өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2077628-eldos-smetov-bastagan-dzyudosylar-aziya-cempionatynda-baq-synaidy/