Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Азия чемпионаты: қазақстандық екі балуан финалға шықты

Жарияланған күні:

Ержет Жарылқасын
Ержет Жарылқасын. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Грек-рим күресінің шеберлері Ержет Жарлықасын мен Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63 кг салмақта белдескен Ержет Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ұтты. Финалда қазақстандық балуан жапониялық Аята Сузукимен күреседі. 

Ал Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалда өзбек балуаны Рахымжан Ұзақовты мерзімінен бұрын 5:0 есебімен жеңді. Финалда Нұрсұлтан ирандық Насер Гасем Ализадамен белдеседі.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы сапынан әйелдер күресінен сынға түскен Анастасия Панасович (72 кг), Лаура Алмағанбетова (57 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг) және Диана Каюмова (59 кг) қола медаль еншілеген болатын. Ал еркін күрес шеберлері Азамат Дәулетбеков (86 кг) алтын, Асыл Айтақын (61 кг) мен Ризабек Айтмұхан (97 кг) күміс, Мейрамбек Қартбай (57 кг) қола жүлде жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2085053-qazaqstandyq-eki-baluan-aziya-cempionatynyn-altyn-zuldesi-usin-kuresedi/