Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

Жарияланған күні:

Ғалия Тынбаева
Ғалия Тынбаева. Фото: Сали Сабиров

Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Ғалия Тынбаева мен Жанарыс Рахметқали қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

66 кг салмақта бақ сынаған Жанарыс Рахметқали қола жүлде үшін белдесуде тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты жеңді. Ал Ғалия Тынбаева 48 кг салмақтағы қола медальге таласта отандасы Әбиба Әбужақыновадан басым түсті.

Бүгін, 20 сәуірде татамиге шыққан Елдос Сметов жартылай финалға өте алмады. Ол ширек финалда 3 ескерту алып, жапон палуаны, 2023 жылғы Универсиаданың жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2022 жыл) Тайки Накамураға жол берген еді.

Сондай-ақ 60 кг салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев қола медаль үшін күресте моңғолиялық қарсыласына есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2088278-qazaqstandyq-eki-dzyudosy-aziya-cempionatynda-qola-zulde-ensiledi/