Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
48 кг салмақта бақ сынаған Әбиба Әбужақынова үшінші орынға таласта Түркия өкілі Тукче Бедермен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық дзюдошы айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, Әбиба 2022 жылы да Ташкенттегі әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.
Бүгін, 19 мамырда дзюдодан Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Елдос Сметов (60 кг) үшінші орын үшін күреседі.
Ал Ғалия Тынбаева (48 кг) жарыстың екінші айналымында сүрінсе, Нұрқанат Серікбаев (60 кг) 1/8 финалда ұтылып қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2103272-abiba-abuzhaqynova-alem-chempionatynyng-qola-zhuldegeri-atandy/