Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь елінде тұратын қазақ бапкерінің шәкірті Париж Олимпиадасына қатысады

Жарияланған күні:

Жұматай Шубаев пен Магомедхабиб Кадимагомедов
Жұматай Шубаев пен Магомедхабиб Кадимагомедов. Фото: instagram.com/zhumataishubaev

Еркін күрестен Беларусь ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы, этникалық қазақ Жұматай Шубаев шәкірті Магомедхабиб Кадимагомедовті Париж Олимпиадасына алып барады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Магомедхабиб Кадимагомедов еркін күрестен Бакуде (Әзербайжанда) өткен лицензиялық турнирде 74 кг салмақта Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ол Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған еді.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне сәйкес Беларусь спортшылары Париждегі додаға бейтарап статуста өнер көрсетеді.

Беларусьтің Гродно қаласының құрметті азаматтары туралы сайттағы ақпаратқа сүйенсек, Жұматай Шубаев 1972 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Кейін 1987 жылы Беларусьтің Гродно қаласына көшкен.

Шубаев – Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еркін күрестен КСРО спорт шебері. Ол бапкерлік мансабында халықаралық дәрежедегі Беларусь Республикасының 10 спорт шеберін, еркін күрестен Беларусь Республикасының 7 спорт шеберін дайындаған. Оның екі тәрбиеленушісі Саид Ибрагим мен Әли Шабанов "Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" құрметті атағына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2118507-belarus-elinde-turatyn-qazaq-bapkerining-shakirti-parizh-olimpiadasyna-qatysady/