Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Ерғали немесе Ризабек Айтмұхан: еркін күрес бапкері Олимпиадаға нақты кім баратынын айтты

Жарияланған күні:

Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан
Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram/qaz_olympics

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Париж Олимпиадасына қай балуандар қатысатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрамда еш өзгеріс жоқ. 97 кг салмақта Париж Олимпиадасына Әлішер Ерғали барады. Жолдаманы кімдер жеңіп алды, солар барады. Яғни, Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен Юсуп Батырмұрзаев (125) та жазғы ойындарда күреседі.

Қазір Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындары өтіп жатыр. 1-15 шілде аралығында Дағыстанның Махачкала аймағында жаттығу жиынын өткіземіз", - деді бас бапкер.

97 кг салмақта Олимпиадаға Ризабек Айтмұхан баруы мүмкін деген пікірді бас бапкер жоққа шығарды.

Еске салайық, ақпанда өткен Қазақстан чемпионатында Әлішер Ерғали 14:10 есебімен Ризабек Айтмұханды жеңген болатын. Кейін ол Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Әбусайман Хабиладан басым түсіп, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Оның төртеуі грек-рим, үшеуі еркін күресте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2120724-alisher-ergali-nemese-rizabek-aitmuqan-erkin-kures-bapkeri-olimpiadaga-naqty-kim-baratynyn-aitty/