Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны халықаралық турнирде ел қоржынына алғашқы алтын жүлде салды

Жарияланған күні:

Исхар Құрбаев
Исхар Құрбаев. Фото: United World Wrestling

Қазақстандық балуан Исхар Құрбаев Қазан (Ресей) қаласында өтіп жатқан БРИКС ойындарының халықаралық турнирінде алғашқы алтынды жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Грек-рим стилінде өнер көрсететін қазақ балуаны Исхар Құрбаев 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орын иеленді. Финалда ресейлік Виталий Кабалоевтан айласын асыра білді. Ал Өзбекстаннан келген Ихтиер Ботиров қола жүлдегер атанды. Сөйтіп отандасымыз Исхар Құрбаев бұл БРИКС ойындарында ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Ал 130 кг дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір отандасымыз Ислам Умаев қолаға қол жеткізді.

БРИКС – 2006 жылдан бастап Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай, ал 2011 жылдан бастап Оңтүстік Африканы қамтитын мемлекетаралық бірлестік. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап бірлестікке ресми түрде Аргентина, Египет, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы мен БАӘ кірді. Бірлестік дамушы елдердің мүдделерін қорғайды, әлемнің көпполярлығына және халықаралық қатынастарды демократияландыруға ықпал етеді, сондай-ақ халықаралық тәртіпті неғұрлым әділ және ақылға қонымды бағытта дамытуға жәрдемдеседі.

Ал БРИКС ойындары – 2016 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан жыл сайынғы халықаралық мультиспорттық іс-шара. Іс-шараны әдетте БРИКС тобына төрағалық ететін ел ұйымдастырады.

БРИКС ойындары 24 маусымға дейін жалғасады. Жарысқа 90-нан астам елден бес мыңға жуық спортшы қатысып жатыр, олар 387 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2121090-qazaq-baluany-halyqaralyq-turnirde-el-qorzhynyna-algashqy-altyn-zhulde-saldy/