Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандық балуандар финалда бір-бірімен күресуден бас тартты

Жарияланған күні:

Қырғызстандық балуандар
Қырғызстандық балуандар. Фото: kabar.kg

Польша астанасы Варшавада грек-рим күресінен Poland Open турнирі өтіп жатыр. Аталмыш жарыстың ақтық сынында қырғызстандық балуандар бір-бірімен күресуден бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kabar.kg сайтына сілтеме жасап.

Poland Open турнирінің 67 кг салмаққа дейінгі дәрежесінде сынға түскен қос қырғыз балуаны – Амантур Исмаилов пен Раззак Бейшекеев. Екеуі де грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының сапында.

Айта кетейік, Амантур мен Раазак Варшавадағы жарыстың финалына еш жеңіліссіз жеткен. Десе де ақтық сында кездескен қос жерлес бір-бірімен күресуден бас тартады. Нәтижесінде ұйымдастырушылар күміс жүлдені Разаак Бейшекеевке берсе, алтын медальді Амантур Исмаилов еншіледі.

Еске салайық, қазақстандық балуан Исхар Құрбаев Қазан (Ресей) қаласында өтіп жатқан БРИКС ойындарының халықаралық турнирінде алғашқы алтынды жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2121594-qyrgyzstandyq-baluandar-finalda-bir-birimen-kuresuden-bas-tartty/