Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция спортшы Дамир Күзембаевтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Президент федерации борьбы Алматинской области
Дамир Кузембаев. Фото: instagram.com/damirkuzembayev/

Алматы облысы күрес федерациясының президенті, белгілі қазақстандық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дамир Күзембаевтың ұсталуы туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Желіде Алматы облысы күрес федерациясының президенті Дамир Күзембаевты ұстау туралы ақпарат тарады. Оқиға туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"28 маусымда ер адам мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзды. Заңға қайшы әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсетті", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

"Полицейлер тарапынан құқықбұзушылықтарға жол берілмеді", - деп атап өтті өңірлік ПД өкілдері.

Еске салайық, 2016 жылы Дамир Күзембаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2017 жылы күміс жүлдегер атанды. 2019 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшы Instagram парақшасында хабарлағандай, ол – Қонаев қаласының Құрметті азаматы.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша билік өкіліне немесе оның жақындарына қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіргені үшін 4000 АЕК (14 768 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2125830-politsiia-sportshy-damir-kuzembaevtyng-ustaluyna-qatysty-tusinikteme-berdi/