Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аянып қалмаймын": дзюдошы Нұрлыхан Шархан байрақты бәсекеде барын салатынын айтты

Жарияланған күні:

Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында
Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Дзюдодан 100 кг дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасында барын салатынын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Дзюдо – әлемдегі танымал спорт түрінің бірі саналады. Мен оның әліппесін үйренген сәттен бастап жеңіске жету жолында тер төгіп келемін. Бар білгенімді осы Париж Олимпиадасында көрсеткім келеді. Сондықтан төрткүл дүние жүзі халқы көз тіккен байрақты бәсекеде аянып қалмаймыз", - деді дзюдошы Нұрлыхан Шархан.

Қазақстандық спортшы 2023 жылы Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қола жүлдесін еншілеген болатын. Сондай-ақ сол жылы Азия ойындарында және Париждегі "Grand Slam" турнирінде үздік үштікті түйіндеді. Нұрлыхан Шархан2022 жылы Азия чемпионатында қола медаль алды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанаты бүгін, 26 шілдеде өтеді. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады. Сондай-ақ Қазақстандық дзюдошылардың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары анықталған жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140288-aianyp-qalmaimyn-dziudoshy-nurlyhan-sharhan-bairaqty-basekede-baryn-salatynyn-aitty/