Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы секундтарда жеңісті жұлып алған жас дзюдошы желі қолданушыларын тәнті етті

Жарияланған күні:

Жас дзюдошы Райымбек Қабыкен
Жас дзюдошы Райымбек Қабыкен. Скриншот: instagram.com / ortus.kz

Түркияда өткен халықаралық турнирде қарсыласын соңғы секундтарда жеңген жас дзюдошы Райымбек Қабыкеннің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркияда өткен халықаралық турнирде 13 жастағы дзюдошы Райымбек Қабыкен түркиялық қарсыласынан айласын асырып, соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды. Әлеуметтік желіде тараған видеоға мән беретін болсақ, жас дзюдошы соңғы 8 секундта барын салғанын, жеңіске жету жолында табандылық танытқанын байқаймыз.

Әлеуметтік желі қолданушылары да Райымбек Қабыкенге өзінің тілегін білдіріп жатыр.

"Жарайсың! Қазақтың жігіттері мықты!", "Нағыз батырдың ұрпағысың", "Қайтпас қайсар", "Қазақтың туын бүкіл әлемге таныта бер!", "Жеңіске деген не деген құштарлық!", "Мықты бала екен. Биіктерден көріне берсін".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140336-songgy-sekundtarda-zhengisti-zhulyp-algan-zhas-dziudoshy-zheli-qoldanushylaryn-tanti-etti-video/