Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әбиба Әбужақынова Париж татамиіндегі бәсекенің 1/4 финалында испаниялық Лаура Мартинеспен кездесті. 48 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Мартинеc "иппон" әдісімен басым түсті.
Енді қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Егер жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
Еске салайық, Әбиба алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен күш сынасып, 1:0 есебімен басым түскен еді. Кейін 1/8 финалда Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта "иппон" әдісімен жеңген болатын.
Париж Олимпиадасында сынға түсіп жатқан тағы бір қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140573-abiba-abuzhaqynova-shirek-finalda-zhengilip-qaldy/