Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынайы эмоциялар": Елдос Сметовтің отбасы дзюдошының Олимпиададағы тарихи жеңісіне ерекше қуанды (видео)

Жарияланған күні:

Елдос Сметовтің отбасы
Елдос Сметовтің отбасы: facebook.com/okq.zhambyl

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің отбасы дзюдошының Париждегі байрақты бәсекедегі жеңісіне ерекше қуанған видоесы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл видеода Елдос Сметовтің отбасы дзюдошының Олимпиададағы жеңісіне жанын сала қуанып жатқанын көруге болады.

Дзюдодан 60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы Елдос Сметов финалдық бәсекеде франциялық Лука Мхеидземен кездесті. Тартысқа толы белдесуде Елдос Сметов қарсыласынан айласын асырып, Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Елдос Сметов үш дүркін Олимпиада жүлдегері атанды. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль жеңіп алған еді. Қазақстандық спортшы өз жеңісінен кейінгі алғашқы әсерін бөліскен болатын.

Сондай-ақ Елдос Сметов тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140699-shynaiy-emotsiialar-eldos-smetovting-otbasy-dziudoshynyng-olimpiadadagy-tarihi-zhengisine-erekshe-quandy-video/