Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев. Фото: JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Париж татамиіндегі бәсекенің жартылай финалында Ғұсман Қырғызбаев бразилиялық спортшы Виллиан Лимамен кездесті. 66 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде Виллиан "иппон" ұпайымен жеңіп кетті. Енді қазақстандық дзюдошы қола жүлдеге таласады.

Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, қосымша уақытта "вазари" ұпайымен жеңген болатын. Кейін ол 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түскен еді.

Кеше, 27 шілдеде Париж татамиіне қазақстандық екі дзюдошы шықты. Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта Швеция өкілі Тара Бабулфаттан жеңіліп қалды. Ал Елдос Сметов (60 кг) финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2140954-gusman-qyrgyzbaev-parizh-olimpiadasynda-tortinshi-beldesuin-otkizdi/