Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты (видео)

Жарияланған күні:

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдесін мойнына тақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж татамиіндегі доданың жартылай финалында сүрініп, кейін қола жүлде үшін белдесуде сербиялық спортшы Страхинья Бунчичті жеңген болатын.

66 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекеде екінші қола медальді Денис Виеру (Молдова) еншілесе, күміс жүлдені бразилиялық Виллиан Лима қанжығалады. Ал Жапония өкілі Абе Хифуми чемпион атанды. Төрт дзюдошыны марапаттау рәсімі өтіп, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені мойнына тақты.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев 1992 жылы 28 қыркүйекте Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Ол – дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы, 2022 жылғы Азия чемпионатының 2-турының қола жүлдегері, 2019 жылғы Гранд-Слам Абу Даби жеңімпазы, 2017 жылғы Анталия Гран-приінің жеңімпазы.

Кеше, 27 шілдеде қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов финалда Франция спортшысы Лука Мхеидзені жеңіп, Олимпиада чемпионы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141002-dziudoshy-gusman-qyrgyzbaev-olimpiada-medalin-moinyna-taqty-video/