Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанышында шек жоқ": Ғұсман Қырғызбаевтың отбасы дзюдошының жеңісін тойлап жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Ғұсман Қырғызбаевтың отбасы
Ғұсман Қырғызбаевтың отбасы. Фото: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл байрақты бәсекеде қалың көпшіліктен бөлек дзюдошының отбасы да жанын сала жанкүйер болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық дзюдошы Ғұсма Қырғызбаевты қолдау үшін бүгін оның отбасы, жақындары, достары, туыстары бір шаңырақ астында жанкүйер болды. Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығасына байлаған сәтте олардың қуаныштарында шек болмады. Спортшының ата-анасы да ұлдарының Олимпиадада атой салатынына сенген.

"Өйткені, Ғұсман өзінің даңққа апаратын қиын жолын өзі таңдады, дәлірек айтсақ, егіз ағасы Ғұмармен бірге өмірін өзгерткен тағдырлы шешім қабылдады. Олар бұрын музыка мектебіне барып, домбырада ойнайтын. Біз олардың көркемдік жолы мен даңқы туралы армандадық, бірақ бір күні олар спортқа баруды шешті және біз олардың шешімін қолдадық. Уақыт көрсеткендей, мұның бәрі себепсіз емес және, мүмкін, жоғарыдан бұйырғаны. Олимпиада алдында біз ұлымызға да, бүкіл халқымызға да жеңіске батасын бердік. Біз қолдау көрсеткен халқымызға, жалпы бәріне ризамыз", - деп ата-анасы жан сырын ақтарды.

Сонымен қатар дзюдошының егізі Ғұмар Қырғызбаев та бауырының жеңісіне қуанышты. Оның айтуынша, бауырының жеңісі кездейсоқтықтан емес, таза еңбегінің арқасында келген.

"Егер есептесек, біз 20 жыл бойы спортқа арнап, өмір сүріп келеміз. Ғұсман – нағыз үлгі. Ол үшін жұмыс пен жаттығу әрқашан басымдыққа ие және өмірдің мәні болып табылады. Мен ағам үшін өте қуаныштымын және оны мақтан тұтамын", - деді егізі Ғұмар.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев 66 кг дейін салмақ дәрежесін қола жүлдеге ие болса, Елдос Сметов 60 кг дейін салмақ дәрежесінде белдесіп, алтыннан алқа таққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141013-zhaqyndarynyng-quanyshynda-shek-zhoq-gusman-qyrgyzbaevtyng-otbasy-dziudoshynyng-zhengisin-toilap-zhatyr-video/