Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Толық дайындалмай келдім": Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасында неге жеңіліп қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев
Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев. Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы белдесуінде не себепті жеңіліп қалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Шамшаев Париж татамиіндегі алғашқы белдесуін өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевқа қарсы өткізген еді. 73 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекеде Шамшаев үш рет ескерту алып, жеңіліп қалды.

"Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын", - деді Шамшаев.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде қазақстандық мергендер жұбы Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлде еншілеген еді. Сол күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал доданың екінші күнінде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141410-bir-ai-boiy-asqazanym-auyrdy-daniiar-shamshaev-parizh-olimpiadasynda-nege-zhengilip-qalganyn-aitty/