Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әбибаның ешкімге айтпаған жоспары болған": дзюдошының бапкері тосын пікір білдірді

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасы аясында өтіп жатқан дзюдо бәсекесінде жүлдеге бір табан жете алмай қалған Әбиба Әбужақынованың бапкері Нұрбол Сүлейменов дзюдошының осы уақытқа дейін ешкімге тіс жарып айтпай келгенін жоспары болғанын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жеңіліп қалғаннан кейін бір күнге дейін ешкіммен сөйлескен жоқ. Жылай берді. Мен де ештеңе айтпадым, сөйлеспедім. Ондай кезде бірдеме айтудың өзі артық. Ертесі ғана ашуы баслып, өз-өзіне келгеннен кейін ғана сөйлестім. Қазір көңіл-күйі дұрысталып қалды.

"Әбибаның өзінің осыған дейін ешкімге айтпай келе жатқан жоспары болған. "Егер осы Парижде жүлдеге қол жеткізіп, чемпион болсам, спорттық мансабымды аяқтаймын" деген. Өкінішке қарай, ол жоспары орындалмады. Енді бүгін сөйлессем, "аға, мен бәрі бір, Олимпиада жүлдесін алмай спортпен қоштаспаймын" деді. Негізі Әбиба өте намысшыл қыз. Қайсар қыз", - деді бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Айта кетейік, дзюдошы Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін болған белдесуде жеңіліс тауып, жеңіске бір табан жетпей қалып еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141679-abibanyng-eshkimge-aitpagan-zhospary-bolgan-dziudoshynyng-bapkeri-tosyn-pikir-bildirdi/