Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
81 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан Жұбаназар 1/16 финалда мажарстандық дзюдошы Аттила Унгваримен кездесті. Бұл белдесуде Аттила "вазари" ұпайымен жеңіп кетті.
Кеше, 29 шілдеде Данияр Шамшаев (73 кг) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевтен жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан бүгін Эсмигүл Куюлова (63 кг) Париж Татамиіне шығады. Оның алғашқы қарсыласы – аустриялық cпортшы Лубьяна Пиовесана.
Айта кетейік, әзірге дзюдодан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында екі медаль еншіледі. Елдос Сметов (60 кг) алтыннан алқа тақса, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141719-dziudoshy-abylaihan-zhubanazar-parizh-olimpiadasyn-aiaqtady/