Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғұсман Қырғызбаев: Жүлдегер екенімді бір күннен кейін сезіндім

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына Париж Олимпиадасының жүлдесін сыйлаған болатын. Kazinform сайты спортшыдан арнайы сұқбат алып, кім бірінші құттықтағанын, жеңісін кімге арнайтынын және жүлде алған сәтте қандай сезімде болғанын сұрады, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

– Ғұсман Олимпиада жүлдегері болу қандай сезім сыйлайды екен?

– Медальді мойыныма тақсам да, жүлдегер екенімді ертесінде, бір күннен кейін сезіндім.

– Неге бір күннен кейін?

– Жүлдегер атанған күннің ертесінде жан-жақтан құттықтаған қоңыраулар қаптап кетті. Телефонымда маза болмады. Бір қоңыраудың үстіне бір қоңырау қабатталып жатты. Сонда ғана барып, өзімді "Олимпиада жүлдегері екенмін ғой" деп сезіне бастадым. Тіпті, елдегі журналистер үйіме дейін барып құттықтап, әке-шешемнен, бала-шағамнан сұхбаттар жазып жатыпты.

– Ең алғаш сізге құттықтау кімнен келді?

– Ең бірінші Алла қосқан жарым қоңырау шалды. Ары қарай ата-анам бірге құттықтады. Олар да телевизорға телміріп, менің күресімді тағатсыздана күтіп отырды ғой. Жеңген бойда қоңырау шалды.

– Жеңісіңізді кімге арнайсыз?

– Біз бұл медальді елге алып бара жатырмыз. Бұл қазақтың жүлдесі. Жеңісімді елге арнаймын.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің екінші күні ел қоржынына қола жүлде салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141755-gusman-qyrgyzbaev-zhuldeger-ekenimdi-bir-kunnen-keiin-sezindim/