Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі дүркін Олимпиада чемпионы: Мен тек өзім үшін ғана емес, қарындасым үшін де күрестім

Жарияланған күні:

Жапониялық дзюдошы Хифуми Абэ
Жапониялық дзюдошы Хифуми Абэ. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы жапониялық Хифуми Абэ Instagram желісіндегі ресми парақшасында келесі төртжылдықтың басты бәсекесінде қарындасымен бірге топ жарғысы келетінін жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қатарынан екі жеңіс. Соңғы 3 жыл ішінде мен тек Париждегі жеңіс туралы ой кештім. Шынымды айтатын болсам, мен бәрін тастағым келген сәттер болды, бірақ мен өзіме деген сенімімді күшейттім. Маған сенім білдірген жандарға алғысым шексіз. Трибунадағы дауыстар мені жігерлендірді және бұл сәтті мен ешқашан есімнен шығармақ емеспін.

Мен соңына дейін тек өзім үшін ғана емес, қарындасым үшін де күрестім. Бұл екеуміз күткен финал болмаса да, біз өз саяхатымызды мұнымен аяқтамаймыз. Біз келесі Олимпиада шыңын бірге бағындырамыз", - деді Хифуми Абэ.

Хифуми Абэ 2021 жылғы Токио Олимпиадасы мен 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, сондай-ақ әлемнің 4 дүркін жеңімпазы (2017, 2018, 2022, 2023).

Ал оның қарындасы Ута Абэ – 2021 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы және әлемнің 4 дүркін жеңімпазы (2018, 2019, 2022, 2023). Париж Олимпиадасында сынға түскен Ута Абэ жарыстың 1/8 финалдық кезеңінде өзбек дзюдошысы Диера Келдиероваға жеңіліп қалды. Диера Келдиерова осы салмақта үздік атанып, алтыннан алқа тақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2141815-eki-durkin-olimpiada-chempiony-men-tek-ozim-ushin-gana-emes-qaryndasym-ushin-de-kurestim/