Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлыхан Шархан: 2028 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетемін

Жарияланған күні:

Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында
Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасын қорытындылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

100 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрлыхан Шархан алғашқы белдесуінде бельгиялық Тома Никифоровты жеңген еді. Бірақ келесі кезеңде 2022 жылғы әлем чемпионы, Өзбекстан өкілі Мұзаффарбек Туробоевқа есе жіберді.

"Бірінші белдесуім ойдағыдай өтті. Бапкерлерімнің тапсырмасы бойынша әрекет еттім. Ал екінші белдесуде өзбекстандық балуанға есе жіберіп қойдым. Күш жағынан қарсыласымнан кем болмадым, сәттілік жетіспей қалған сияқты. Төрешілер жағынан ешқандай қателік кеткен жоқ. Қателік тек өзімнен. Енді 2028 жылғы Олимпиадада жеңіске жетемін деп ойлаймын. Мені қолдаған қазақ халқына, отбасыма алғысымды айтамын", - деді Нұрлыхан Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 2 қола жүлдесі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2143206-nurlyhan-sharhan-2028-zhylgy-olimpiada-oiyndarynda-zhengiske-zhetemin/