Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ірі қарасын сойып, балуандарға алып баратын": Теңізбаев марқұм Үшкемпіров туралы естелігін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрбақыт Теңізбаев
Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрбақыт Теңізбаев. Видеодан кадр: instagram.com/ tenizbayev.nurbakhyt

Қазақстандық грек-рим күресінің палуаны, 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев марқұм Жақсылық Үшкемпіровке қатысты естелігін айтты. Ол қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы туралы ойын Instagram желісіндегі парақшасында тарқатты.

Нұрбақыт Теңізбаев Жақсылық Үшкемпіровтің қарапайымдылығына тәнті болғанын алға тартты. Ол марқұм ұлттық құрама балуандарын әрдайым қолдап жүргенін де жасырған жоқ.

"Жақсылық ағамыздың қарапайымдылығына таңғалатынмын! Алыс-жақын шетелде болған жарыстарға мүмкіндігінше барып, ұлттық құрама балуандарын әрдайым қолдап жүретін! Спортшылар жатқан қонақ үйде жататын.

Өз тәжірибесін бөлісіп, ақыл айтып, балуандармен отырып бірге тамақтанатын еді. Есімде, ұлттық құрама балуандары Алматыда оқу-жаттығу жиынында жүргенде бір ірі қарасын сойып алып, балуандарға алып барып, алдағы жарыстарына сәттілік тілеп кететін.

Қазақстанның қай жеріне барса да, міндетті түрде күрес залына барып, жас балуандармен кездесіп, оларды әрдайым жігерлендіріп жүретін. Жақсылық ағаның, еліміздің спортына ғана емес, жалпы қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны ол өз басына бөлек әңгіме...", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2143357-bir-iri-qarasyn-soiyp-baluandarga-alyp-baratyn-tengizbaev-marqum-ushkempirov-turaly-esteligin-aitty-video/