Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсыласымның оң қолын баса алмадым": Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы жеңілісі туралы айтты

Жарияланған күні:

Камила Берліқаш
Камила Берліқаш. Фото: t.me/kazjudoteam

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Париж Олимпиадасын қорытындылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

78+ кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Камила Берліқаш Париж татамиіндегі алғашқы белдесуін моңғолиялық Адиясурен Амарсайханға қарсы өткізген еді. Нәтижесінде үш ескерту алған қазақстандық балуан қыз қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

"Әрине, бұл жарыста медаль алу жоспарда болған. Ағайлармен сондай жоспар құрған едік. Өкінішке қарай, бірінші белдесуде моңғол балуанынан жеңілдім. Үш шидо алып, ұтылдым. Ол қыз оң қолымен жақсы жұмыс істейді. Оң қолын басуым керек болған, бірақ баса алмадым. Бұл спортшымен Азия ойындарында кездесіп, қосымша уақытта "ваззари" ұпайымен жеңілген едім", - деді Камила Берліқаш Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жекелей сайысты 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ертең, 3 тамызда ұлттық құрама командалық сайыста сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2143729-qarsylasymnyng-ong-qolyn-basa-almadym-kamila-berliqash-parizh-olimpiadasyndagy-zhengilisi-turaly-aitty/