Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық бәсекеде жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Данияр Шамшаев
Данияр Шамшаев. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

Қазақстандық дзюдошылар командалық бәсекеде сынға түсіп, Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 3 тамызда дзюдодан командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы бразилиялықтармен кездесті. Нәтижесінде жалпы ұпай бойынша 4:2 есебімен отандастарымыз жеңіліп, келесі кезеңге жолдама ала алмады. Ал Бразилия құрамасының ширек финалдағы қарсыласы Германия болады. Қазақстан құрамасының намысын командалық бәсекеде қорғаған балуандар:

  • +90 кг: Нұрлыхан Шархан;
  • -90 кг: Абылайхан Жұбаназар;
  • -73 кг: Данияр Шамшаев;
  • -78 кг: Камила Берліқаш;
  • -70 кг: Эсмигүл Куюлова;
  • -57 кг: Әбиба Әбужақынова.

Айта кетейік, осыған дейін Данияр Шамшаев (73 кг) жекелей сында өнер көрсетіп бірінші айналымда өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевке есе жіберсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мажарстандық Аттила Унгвариден айласын асыра алмаған еді.

Олимпиаданың бірінші күнінде Елдос Сметов (60 кг) алтын жүлде еншілесе, келесі күні тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта қарсыласына жол берді. Эсмигүл Куюлова (63 кг) бірінші белдесуде сүрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2144025-dziudodan-qazaqstan-quramasy-komandalyq-basekede-zhengilip-qaldy/