Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағыз драма: өзбек дзюдосы тарихындағы тұңғыш чемпион қыз Диёра Келдиёрова туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Диера Келдиорова
Диера Келдиорова мінберде тұр. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

2024 жылғы Париж Олимпиадасы Өзбекстан үшін тарихи оқиғаға айналды, себебі Диёра Келдиёрова ел тарихында алғаш рет Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Бұл жеңіс тек Келдиорованың жеке жетістігі емес, сонымен қатар бүкіл Өзбекстанның спорттық жетістігі саналады. Өзбек спортшысының тарихи жеңісі мен өмірі туралы деректер келтіре кетейік.

Диёра Келдиёрова – Өзбекстанның танымал дзюдошыларының бірі, ол 52 киллограммға дейінгі салмақ жәрежесінде халықаралық деңгейде ерекше жетістіктерімен көзге түсті.

Repost.uz ресурсының мәліметінше, ол 1998 жылы 13 шілдеде Самарқанд облысында дүниеге келді. Жас кезінен-ақ спортқа қызығушылығы байқалып, оның алғашқы жаттығуларын спорт мектептерінде бастаған. Спорттағы алғашқы жетістіктері оны тез арада елдің ең үздік спортшылары қатарына қосылды. Диёра Келдиёрова Өзбекстанның мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетін бітірген. 2016 жылы президент шешімімен ол Зүлфия атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Диёра Келдиёрова күрес спортында өз жетістіктерімен танымал. Оның спорттық жолы әртүрлі турнирлер мен чемпионаттардағы жеңістерімен ерекшеленеді. Оның маңызды жетістіктерінің бірі – 2021 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетуі. Бұл жеңіс оның халықаралық деңгейде танылуына жол ашты.

Париж Олимпиадасындағы ерлігі

Париж Олимпиадасы – Диёра Келдиёрованың спорттық мансабындағы ең үлкен жетістіктерінің бірі. 2024 жылғы Олимпиадада ол алтын медальді жеңіп алып, Узбекистан тарихында алғаш рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алған спортшы атанды.

Негізгі ерлігі деп оның жапонның атақты балуаны Ута Абэны жеңгенін айтып отырмыз. Себебі бұл қарсыласы бұған дейінгі турнирлерде жеңіліп көрмеген және Токио Олимпиадасында алтын медаль алған.

Олар бұған дейін екі рет кездескен және екі жағдайда да Абэ 1,5 минут ішінде "иппонмен" жеңіп шыққан. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Келдиеровадан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алған.

Ал Парижде Абэ де өз күшіне сенімді болды. Ол бірінші раундты жеңіл күресіп, Канададан келген Келли Дегучиді жеңді. Келдиероваға қарсы жекпе-жекте ол жақсы бастады, жекпе-жектің екінші минутында вазари ұтып алды. Бірақ жекпе-жектің соңғы минутына бір минут қалғанда, Келдиёрова шабуыл жасап, Абэні арқасынан ұстап, иппонмен құлатты.

Абэның татамиден көз жасына ерік беріп, эмоциясын көрсеткені күллі жұрт алдында төңкеріс бодлы. Ол бірнеше минут бойы татами жанындағы жаттықтырушысының құшағында болды, сол уақытта "Шамп-де-Марс" аренасында жиналған адамдар "Ута" деп айқайлап жатты. Ақырында ол жаттықтырушысымен бірге аренаның қошеметімен шықты.

Бұл жеңіс Өзбекстанның спорт тарихында жаңа бет ашты және елдің спорттық жетістіктерін әлемдік деңгейде мойындатты.

Басқа да жетістіктері мен марапаттары

2013 жылы Келдиёрова Нанкинде (Қытай) жастар арасындағы Азия ойындарында 44 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. 2016 және 2018 жылдары ол жастар арасындағы дзюдо бойынша Азия чемпионатында қола медальдарға ие болды.

2018 жылғы жазғы Азия ойындарында Джакартада (Индонезия) Диёра Келдиёрова 48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Екінші айналымда ол жапон дзюдошысы Ами Кондодан 10:0 есебімен жеңілді, ол кейін финалға шықты. Жұбату белдесуінде Келдиёрова корей дзюдошысы Джон Ю-Сунға 1:10 есебімен есе жіберді.

2019 жылы әл-Фуджайрада (БАӘ) өткен дзюдо чемпионатында Диёра 52 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, монғол дзюдошысы Лхагвасурэнгийн Сосорбарамды жеңді. Неапольде (Италия) өткен Жазғы Универсиадада дәл сол салмақ дәрежесінде қола медальді иеленді. Уханда (Қытай) өткен жазғы Әлемдік әскери ойындарда да қола медаль жеңіп алды.

2021 жылы Анталияда (Түркия) өткен "Үлкен Дулыға" турнирінде Келдиёрова финалда испан дзюдошысы Эстрелла Лопесті жеңіп, дзюдо бойынша "Үлкен Дулыға" турнирінде алтын медаль жеңіп алған алғашқы өзбек қызы атанды. Бішкекте (Қырғызстан) өткен дзюдо бойынша Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, финалда корей дзюдошысы Пак Да-Солдан жеңілді. 2021 жылдың шілде айында Будапештте (Венгрия) өткен дзюдо чемпионатында ол командалық жарыста қола медаль иеленді, бірақ 52 кг-ға дейінгі жеке салмақ дәрежесінде израильдік дзюдошы Гефен Примоға қола медаль үшін күресте жеңілді. Токио (Жапония) жазғы Олимпиадасында ол бірінші айналымда монғол дзюдошысы Лхагвасурэнгийн Сосорбарамға есе жіберген.

2023 жылдың мамыр айында Дохада (Қатар) өткен әлем чемпионатында 52 кг салмақ дәрежесінде Келдиёрова күміс медальды қанжығасына байлады, финалда жапон спортшысы Ута Абэге есе жіберді. 2024 жылдың сәуір айында Азия чемпионатында корей дзюдошысы Ерин Джунгті жеңіп, қола медальға ие болды. 2024 жылдың мамыр айында БАӘ-де өткен Олимпиадаға дейінгі әлем чемпионатында Келдиёрова тағы да күміс медаль жеңіп алды, финалда италиялық дзюдошы Оддетта Джуффриден жеңілді.

Жеке өмірі

Диёра Келдиёрова тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ өзінің әлеуметтік белсенділігімен де танымал. Ол жастарды спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында көптеген іс-шараларға қатысып келеді.

Балуан Instagram-да өте танымал, оның бұл желіде 242 мың оқырманы бар. Парақшасында спорттық өмірін көрсете отырып, жастарды спортқа баулуда зор үлес қосып келеді.

2022 жылы Диёра Келдиёрова дзюдошы Азамат Матекубовқа тұрмысқа шыққан.

Диёра Келдиёрованың Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алуы – бұл Өзбекстан үшін тарихи оқиға. Оның спорттағы жетістіктері елдің халықаралық аренадағы беделін арттырды. Спорттық мансабы мен әлеуметтік белсенділігі оның тек үздік спортшы ғана емес, сондай-ақ үлгілі азамат екенін көрсетеді.

Диёра Келдиёрованың жетістіктері жас спортшыларға үлкен шабыт беріп, спорттың дамуына жаңа серпін қосады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2145454-nagyz-drama-ozbek-dziudosy-tarihyndagy-tunggysh-chempion-qyz-diiora-keldiiorova-turaly-ne-bilemiz/