Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов украиналық депутаттан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Тұрсынов
Нұрсұлтан Тұрсынов. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық балуан ширек финалда Украина спортшысы Жан Беленюкпен күресті. 87 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде Тұрсынов қарсыласына 7:3 есебімен жол берді.

Жан Беленюк финалға өтсе, Нұрсұлтан Тұрсынов жұбаныш белдесуіне қатысу арқылы қола жүлдеге таласа алады.

33 жастағы Жан Беленюк – Токио Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және әлемнің екі дүркін, Еуропаның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ ол 2019 жылдан бері Украина Жоғарғы радасының халық депутаты болып қызмет атқарады. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов – 2014 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ құрлықтық біріншіліктің үш дүркін жүлдегері.

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде мысырлық спортшы Мохаммед Метваллиді мерзімінен бұрын 10:1 есебімен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2145844-nursultan-tursynov-olimpiadanyng-zhartylai-finalyna-shyga-almady/