Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілегіміз қабыл болды": Парижде қола жүлдегер атанған қырғыз балуаны Демеу Жадыраевқа алғыс айтты

Жарияланған күні:

Демеу мен Ақжол
Демеу мен Ақжол. Фото: olympic.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қола медаль жеңіп алған қырғыз балуаны Ақжол Махмудов жарыстан кейін Демеу Жадыраевқа алғысын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Демеу Жадыраев финалда жапониялық Нао Кусакадан 5:2 есебімен ұтылып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

"Бірінші белдесуде өкінішке қарай, сіздердің балуан Демеу Жадыраевтан ұтылып қалдым. Содан кейін бүкіл қырғыз елі Демеуге жанкүйер болдық. Егер ол финалға шыққанда менің қола медальға таласатыным анық еді. Тілегіміз қабыл болды. Ол финалға шықты. Осылайша қазақ балуаны маған қолаға мүмкіндік сыйлады. Мен ол мүмкіндікті өте жақсы пайдалана білдім. Қола жүлдені алдым. Ары қарай Демеуді алтын алса екен деп қатты тіледім. Дегенмен алтын бұйырмады", - деді қырғыз балуаны.

Сонымен қатар ол екі елдің достығы туралы да айта кетті.

"Біз, қырғыз-қазақ бір туғанбыз. Достығымыз жараса берсін. Жүлделеріңіз құтты болсын", - деді Ақжол Махмудов.

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко жарыстан кейін Демеу Жадыраевтың финалдағы белдесуі жайында пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2146137-qyrgyz-eli-demeuge-zhankuier-boldyq-qyrgyzstandyq-baluan-demeu-zhadyraevqa-algysyn-aitty/