Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістандық спортшы артық салмағына байланысты Олимпиада финалында өнер көрсете алмады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Үндістандық балуан Винеш Фогат
Үндістандық балуан Винеш Фогат. Фото: Aytac Unal/Anadolu via Getty Images

Еркін күрестен Олимпиадалық турнирдің финалисі атанған үндістандық Винеш Фогат салмақ өлшеу рәсімінде межеден 100 грамм асып кетіп, кездесуге шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ESPN India басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістандық балуан Винеш Фогат 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол финалда америкалық Сара Хильдербрандтпен кездесуі керек болатын, бірақ аталмыш салмақ дәрежесінің талаптарын орындай алмай жарыстан шеттетілді.

Ережеге сәйкес балуандар екі рет салмақ өлшеу рәсімінен өтуі керек: іріктеу кезеңнің таңында және финалдың таңында.

Спорт сарапшылар үндістандық балуан 6 тамыздағы жекпе-жектерден кейін артық салмақ жинағанын айтты, сондықтан оған қайтадан қалыпқа келу қиынға соқты. Дереккөздің мәліметінше, спортшы салмақ қуу кезінде бір түнде шамамен 2 кг салмақ тастауға мәжбүр болған.

Ережеге сәйкес салмақ өлшеу кезінде сәтсіздікке ұшыраған спортшы дисквалификация алады. Осылайша үндістандық спортшы медалінен айырылды, ал финалда оның орнына турнирдің жартылай финалында жеңілген Юснейлис Гузман Лопес шығады.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди X желісіндегі ресми парақшасында спортшыға қолдау білдірді.

"Сен Үндістанның мақтанышысың және Үндістанның әрбір азаматы үшін шабыт сыйладың", - деп жазды Нарендра Моди.

Айта кетейік, ХОК мәліметі бойынша, Үндістан қазіргі уақытта Париж Олимпиадасының медаль кестесінде 67-ші орында тұр. Үндістандық спортшылар үш қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, барлық медальды атқыштар жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2146147-undistandyq-sportshy-artyq-salmagyna-bailanysty-olimpiada-finalynda-oner-korsete-almady/