Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Юсуп Батырмұрзаев алғашқы айналымда жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Юсуп Батырмурзаев
Юсуп Батырмурзаев. Фото: olympic.kz

Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

125 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында сынға түсті. 1/8 финалдық кезеңде ол польшалық Роберт Баранмен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық балуан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Егер Роберт Баран финалға дейін жетсе, Юсуп Батырмұрзаев қола жүлде үшін жұбаныш кездесуінде сынға түсе алады.

Юсуп Батырмұрзаев 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия біріншілігінде жеңімпаз атанған. Ал 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс иеленген.

Қарсыласы Роберт Баран Еуропа чемпионатында екі мәрте күміс жүлде (2016, 2020) иеленген және екі мәрте қола (2018, 2022) еншілеген.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен Мейрамбек Қартбай (57 кг) сынға түсіп, алғашқы айналымда жеңіліс тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2146890-parizh-olimpiadasy-iusup-batyrmurzaev-algashqy-ainalymda-zhengilip-qaldy/