Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала кезінен еңбекқор болды": Демеу Жадыраевтың бұрынғы бапкері балуан туралы естеліктерін айтты

Жарияланған күні:

Демеу Жадыраевтың бапкерлері
Демеу Жадыраевтың бапкерлері. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Ислам Аманқос

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың бұрынғы бапкері балуан туралы естеліктерін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 10 тамызда Демеу Жадыраев елге оралды. Оны Алматы әуежайында күтіп алғандардың қатарында бұрынғы бапкерлері Жұмахан Тұрғанбеков пен Берік Жаңабатырұлы да бар.

"Демеу бала кезінен еңбекқор болды, Олимпиада чемпионы болсам деп армандайтын. Оның бірінші бапкері – Жұмахан Тұрғанбеков. 2003 жылы Талдықорғанда дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернаты ашылды. Сол кезде Жұмахан маған келіп, Демеуді тапсырды. Мен оның екінші бапкерімін. Демеуді интернатта өзім жаттықтырып, жарыстарға апардым. Ол ел чемпионаттарында топ жарды. Демеу алға қойған мақсатын орындамай қоймайтын, тек қана өз еңбегімен жетістікке жетіп отырған жігіт.

Оқу бітіргеннен кейін Демеу Алматыға барды. Қазіргі жеке бапкері Боранбек Қоңыратов жаттықтырып, осы деңгейге жеткізді. Балуанымыздың жеңісіне бәріміз қуаныштымыз. Сезімімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Теледидардан қарап, жанкүйер болдық", - деді Берік Жаңабатырұлы.

Еске салайық, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында жапон балуаны Нао Кусакаға есе жіберіп, күміс медаль еншілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2147172-bala-kezinen-engbekqor-boldy-demeu-zhadyraevtyng-bapkeri-baluan-turaly-estelikterin-aitty/