Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді емес, Ақжолды көп уайымдадым": Демеу Жадыраев қырғыз балуаны туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Демеу мен Ақжол
Демеу мен Ақжол. Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Sport+ Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында қырғыз балуаны Ақжол Махмудов туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ақжол Махмудов – менің бауырым. Былайша айтқанда "роднойым". Бір-бірімізге сәттілік тіледік. Мүмкін, ағаммен күресіп жатырмын деп дұрыстап күресе алмаған шығар. Өзі де маған келіп солай айтты. Содан кейін финалға шық деп сәттілік тіледі. Мен оған босама деп айттым. Құдайға шүкір, финалға шықтым. Өзімді емес, Ақжолды көп уайымдадым десем де болады.

Күрестің ережесі бойынша сені ұтқан балуан финалға шыға алмаса, ұтылған балуан да қола жүлде үшін таласа алмайды. Сол себепті жауапкершілік болды. Ақжолға да мүмкіндік бергеніме қуаныштымын. Финалдық бәсекенің алдында бірі-бірімізге сәттілік тіледік. Тілеулес болдық. Содан кейін тұғырда бірге суретке түстік. Керемет әсер", - деді Демеу Жадыраев.

Сондай-ақ Парижде өткен Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қола медаль жеңіп алған қырғыз балуаны Ақжол Махмудов жарыстан кейін Демеу Жадыраевқа алғысын айтты.

Айта кетейік, грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Демеу Жадыраев күміс медаль еншіледі. Ол ақтық сында жапон спортшысы Нао Кусакаға есе жіберіп қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2149447-ozimdi-emes-aqzholdy-kop-uaiymdadym-demeu-zhadyraev-qyrgyz-baluany-turaly-pikir-bildirdi/