Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік депутат Демеу Жадыраев пен бапкеріне 10 млн теңгеден табыстады

Жарияланған күні:

Сыйлық табыстау сәті. Фото
Сыйлық табыстау сәті. Фото: facebook.com/profile

Ақтөбелік депутат Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 млн теңгеден табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ербол Сейілхан есімді журналистің Facebook-тағы парақшасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, депутат мәрттік жасап, спортшы мен оның бапкеріне бағалы сыйлық жасады.

Хабарлама Facebook-тағы Ербол Сейілхан есімді журналистің парақшасында жарияланды.

"Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сыяпатын жасады.

Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын", - деп жазды ол.

Еске салсақ, Алматы облысында Париждегі Олимпиада ойындарынан оралған спортшыларды жылы қабылдап, ерекше құрмет көрсетілді. Олимпиадада ел намысын қорғаған спортшыларды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, облыс кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2150217-aqtobelik-deputat-demeu-zhadyraev-pen-bapkerine-10-mln-tenggeden-tabystady/