Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында ел қоржынына қос бірдей жүлде салды

Жарияланған күні:

Ұлдана Тілеухан
Ұлдана Тілеухан. Фото: Olympic.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екі медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әйелдер күресінен 57 кг дейінгі салмақта қазақстандық Анна Стратан  қола медаль жеңіп алды. Анна Стратан қола медаль үішн таласта грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті

65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан да қол медаль еншіледі. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Ұлдана Тілеухан нейтралды атлет Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс медаль олжалаған болатын. Грек-ри күресінен 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Алпамыс Болатұлы мен 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Анапия күміс жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2152456-qazaqstandyq-baluandar-alem-chempionatynda-el-qorzhynyna-qos-birdei-zhulde-saldy/