Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала кезден от екен": желіде Демеу Жадыраевтың 12 жасында күрескен сәті таспаланған видео тарады

Жарияланған күні:

12 жасар Демеу Жадраев
12 жасар Демеу Жадраев. Видеодан кадр: instagram.com/tahir__gafurov

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың Бішкектегі турнирге қатысқаны таспаланған ескі видео тарады. Видеоны қырғызтандық спорт журналисі Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2001 жыл. Республикалық олимпиадалық резерв колледжінің 30 жылдығына арналған Бішкекте өткен турнир. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, кілемде күресіп жатқан Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық Демеу Жадыраев", - деп жазды журналист.

Желі қолданушылары: "Бала кезден от екен", "Чемпиондар осылай шынығады", "Спорттағы қанша жылғы еңбек", "Шұлықпен күрескен кездер-ай" - деп жазды.

Еске салсақ, Демеу Жадыраев биыл өткен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол 7 тамызда грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде өткен финалдық бәсекеде жапон балуаны Нао Кусакамен күресті. Олимпиада алтынына таласта Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2153017-bala-kezden-ot-eken-zhelide-demeu-zhadraevtyng-12-zhasynda-bishkektegi-turnirde-kureskeni-taspalangan-video-tarady/