Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмат Кебіспаев: Демеу 35 жасқа аяқ басса да, Олимпиада жүлдегері атануға болатынын дәлелдеді

Жарияланған күні:

Демеу Жадыраев
Демеу Жадыраев. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі, бес әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген Демеу Жадыраевтың жетістігі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бізде жас спортшыны әлі жас деп, шетке ысырады. Жасың біразға келіп қалса, сені қартайғандардың қатарына жатқызады. Ал Демеу болса ешқандай шектеудің жоқ екенін дәлелдеді. 35 жасқа аяқ басса да, төзім мен еңбектің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр.

Яғни көп адамның сөзін елемей, еңбектеніп, сеніп, алға басу керек. Демеу бауырымыз осыған  нағыз үлгі бола алады. Кім лайық болса, жасына да, басқасына да қарамастан, ірі жарыстарға бару керек", - деді Кебіспаев. 

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда жапон балуаны Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңілген еді. Осылайша, күміс медаль еншіледі. Жадыраев – 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль иегері және Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері (2018 жылы – күміс, 2015, 2019 және 2021 жылдары — қола).

Еске салайық, желіде Демеу Жадыраевтың 12 жасында күрескен сәті таспаланған видео тарағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2153473-almat-kebispaev-demeu-35-zhasqa-aiaq-bassa-da-olimpiada-zhuldegeri-atanuga-bolatynyn-daleldedi/