Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ризабек Айтмұхан да бар: әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

2-8 қыркүйек аралығында Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтеді. Байрақты бәсекеге қатысатын қазақстандық балуандар анықталды, деп KAZ.NUR.KZ Біріккен күрес әлемі ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияда өтетін әлем біріншілігінде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бақ сынайды. Ол өткен жылы тамызда дәл осы сында күміс жүлде иеленсе, кейін ересектер арасында алтын медаль жеңіп алған еді.

Испаниядағы әлем біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы:

Еркін күрес:

  • 57 кг – Мықтыбек Үкіметұлы;
  • 61 кг – Әбдінұр  Нұрланбек;
  • 65 кг – Алайдар Шаттық;
  • 70 кг – Айқын Болатұлы;
  • 74 кг – Егор Анчугин;
  • 79 кг – Ерхан Бексұлтанов;
  • 86 кг – Навруз Ахмедханов;
  • 92 кг – Камиль Куруглиев;
  • 97 кг – Ризабек Айтмұхан;
  • 125 кг – Әлихан Құсайынов.

Грек-рим күресі:

  • 55 кг – Айбек Айтбеков;
  • 60 кг – Ондасын Хамитов;
  • 63 кг – Бағдат Сабаз;
  • 67 кг – Юсуф Ашрапов;
  • 72 кг – Әлихан Дурсунов;
  • 77 кг – Диас Сейітқалиев;
  • 82 кг – Ислам Евлоев;
  • 87 кг – Темірлан Тұрдақын;
  • 97 кг – Рахат Бержанов;
  • 130 кг – Джохар Узаров.

Әйелдер күресі:

  • 50 кг – Лаура Ғаниқызы;
  • 53 кг – Еңлік Қабылбек;
  • 55 кг – Алияна Махамбетова;
  • 57 кг – Шұғыла Өмірбек;
  • 59 кг – Ангелина Первухина;
  • 62 кг – София Змазнева;
  • 65 кг – Қорлан Аманова;
  • 68 кг – Бейбіт Сейдуалы;
  • 72 кг – Жібекжан Сабыржанова;
  • 76 кг – Алина Ертөстік.

Еске салайық, қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2154214-rizabek-aitmuhan-da-bar-alem-chempionatyna-qatysatyn-qazaqstandyq-baluandar-anyqtaldy/