Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Ниязбеков еркін күрестен Қазақстан құрамасын тізгіндейтіні рас па

Жарияланған күні:

Дәулет Ниязбеков4
Дәулет Ниязбеков пен Алехандро Вальдес белдесуі. Фото: olympickz/Жеңіс Ысқабай

Еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков қазақстандық балуандардың Париж Олимпиадасындағы нәтижесі туралы айтты. Сондай-ақ өзі туралы желіде тарап жүрген ақпаратқа жауап берді, деп KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олимпиада туралы айту қиын. Жігіттерге жанкүйер болдық, тақым қыстық. Олар жеңілгенде, біздің де көңіл-күйіміз түсті. Азамат Дәулетбековтен үміт күткем. Жеребесі де ауырлау түсті. Дегенмен, бұл сәтсіздік командаға серпін береді деп ойлаймын.

Айтпақшы желіде менің ұлттық құрамаға бас бапкер болатыным туралы ақпарат жүр. Бұл хабардың қайдан шыққанын білмеймін. Өзім де бірінші рет естідім", - деді Ниязбеков. 

Айта кетейік, Дәулет Ниязбеков еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы, Лондон және Токио Олимпиадаларының қатысушысы. Бүгінде жасөспірімдер құрамасының аға бапкері қызметін атқарады.

Париж Олимпиадасында еркін күрестен ел намысын Мейрамбек Қартбай (57 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) қорғаған еді. Бірақ ешқайсы жүлде иелене алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2154846-daulet-niiazbekov-erkin-kuresten-qazaqstan-quramasyn-tizgindeitini-ras-pa/