Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы өмірден өтті

Жарияланған күні:

Александр Медведь
Александр Медведь. Фото: noc.by

Еркін күрестен үш мәрте Олимпиада чемпионы, Беларусь балуаны Александр Медведь 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қайғылы хабар Беларусь күрес федерациясының Telegram желісіндегі ресми арнасында жарияланды.

"Бүгін әлем спортының аңызы, ХХ ғасырдың үздік балуаны, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Васильевич 87 жасында дүниеден озды. Бұл қайғыны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жатқан жерің жайлы болсын, аңыз. Александр Васильевичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Александр Медведь үш түрлі салмақ дәрежесінде (жартылай ауыр, ауыр және абсолютті) үш дүркін Олимпиада чемпионы (1964, 1968, 1972) болды. Сондай-ақ ол жеті рет әлем чемпионы (1962-1963, 1966-1967, 1969-1971), үш рет Еуропа чемпионы (1966, 1968 және 1972), сонымен қатар тоғыз рет КСРО чемпионы (1961-1970) атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2156145-erkin-kuresten-ush-durkin-olimpiada-chempiony-omirden-otti/